Брюссель маңында тағы атыс болды: қаза тапқандар бар

0 59

Қылмыскерлер көлікпен қашып кеткен, оларды іздеу жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. Бейнебақылау камерасына кемінде бір қаруланған адам түсіп қалған. Брюссель прокуратурасы тергеу мүддесі үшін «қосымша түсініктеме бермейтінін» мәлімдеді.

Оқиға «Клемансо» метро станциясына жақын маңда болған. Бұл осы ауданда екі апта ішінде болған үшінші атыс оқиғасы. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды.

Бірнеше күн бұрын Брюссель прокуроры соңғы атыстардың себептері есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық топтар арасындағы ықпал үшін күрес екенін мәлімдеді.

https://kaz.inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.