Салт-дәстүр тәрбиенің бастамасы
Ұлттық салт-дәстүріміздің діңгегін кеңейтіп, тамырын кеңге жайу мақсатында «Руханият және тарихтану» орталығында «Дәстүр және өнер» бөлімі ашылған болатын. Осыған орай алдағы жұмыс барысын таныстыру мақсатында аймақтың ақ жаулықты аналарымен кездесу өтті. Аталған іс шараға Жамбыл облыстық «Аналар алқасы» кеңесі төрайымының орынбасары Н. Оспанбекова, Тараз қалалық «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы Ж.Сарыбекова бастаған өлкенің белсенді аналары қатысты.
Жиында көтерілген меселелер жетерлік. Соның ішіндегі өзектілері анадан балаға айтылуы азайған қазақтың ертегілері жайында болды. Қазіргі таңда ауыз әдебиетіміздегі мазмұны терең есті ертегілер шет қалып, шетел ертегілері орнын жамап жүргені бар. Сондықтан балабақша жасындағы балалар, Джон Роулингтің Гарий Поттерін емес қазақтың жыр дастантарын жаттап өсуі қажет деп пікір бөлісді.
Одан бөлек қазақтың жақсы қасиеттерінің бір қыз тәрбиесі де дәстүр шеңберінен шығып бара жатыр. Кешегі келелі кездесуде ұлтымызға тән тәрбиенің сақтап қалу үшін бұрынғы аналар мен жеңгелер мектебін қайта жаңғыртыуды қолға алу мәселесі айтылды.
Үшінші мәселе. Соңғы кездері ардагер қариялардың арасында бата беруден жарыстар жиі ұйымдастырылып келеді. Бұл әрине құптарлық іс. Алайда соңғы кездер жастар арасында дастархан қайырып бата беретін ер жігіттердің қарасы азайып бара жатқаны қынжылтатын жағдай дейді. Сол үшін Батагөйлердің жарысын тек қариялар арасында емес жеткіншектер арасында ұйымдастыру қажет деп өз ұсыныстарымен бөлісті.
Атадан қалған әдет ғұрыпымызды сақтау үшін жасөпірімдермен ұлттық құндылығымыз жайында көбірек іс-шара өтілуі қажет дейді педогогика ғылымдарының докторы Жанат Сарыбекова. Мұндағы аналардың басым көпшілігі зейнеткер болғандықтан жастармен кездесу ұйымдастыруға ыңғайлы ғимаратпен аналарды тасмалдайтын көліктің жоқтығы жұмысты бір жүйеге қоюға кедергісін келтіруде екен.
Асыл аналардың пікірін тыңдаған Шераға атындағы Руханият оталығының басшысы Жасұлан Әбдіхалық айтылған ұсыныстардың барлығын назарға алып, алдағы уақытта жастар тәрбиесінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Аналардың ақылымен өнегелі сөздері қоғамға қажет екенін, сонымен қатар жоғарыда айтылғандай қандай да бір іс-шара ұйымдастыру қажет болса қолдайтынын және мекеменің есігі әрдайым ашық екені айтты.