Прокуратура балаларды қолдау орталығында  тәрбиеленушіні ұрып-соғу фактісін анықтады

0 8

Балалар құқықтары мен олардың қауіпсіздігін қорғау прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Тараз қаласының прокуратурасы Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің қызметкері кәмелетке толмағанға дене жарақатын келтіргенін анықтады.

Аталған факт бойынша прокуратурамен ҚК-нің 140-бабының

2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы).

Сотқа дейінгі тергеу аясында ұрып-соғу фактісін растайтын бейнежазбалар дәлел ретінде тәркіленді.

Нәтижесімен кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, балаларды қолдау орталығынан жұмыстан шығарылды.

Тараз қаласының прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.