Қазақстандық биатлоншы қыздар қысқы Азиаданың қола жүлдесін еншіледі

0 7

Биатлоннан Қазақстан қыздар құрамасы Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. 

Әйелдер арасында 6 шақырымға эстафетадан ел құрамасы сапында Ольга Полторанина, Дарья Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая жарыс жолына шықты.

Жарыс қортындысында Қазақстан қыздар құрамасы 1 сағат 30 минут 01.9 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын үшінші кесті. Қытай және Оңтүстік Корея құрамасы тисінше алтын және күміс медалды өзара бөлісті.

Айта кетейік, кеше Ябули тау-шаңғы курортында өткен бәсекелерде ел қоржыны екі жүлдемен толықты. Нақтырақ айтсақ, шаңғы спортынан әйелдер арасында командалық эстафетада спортшыларымыз күміс алды.  Ал жігіттер 7.5 шақырымдық эстафетада қола жүлдені қанжығаға байлады.

Kaz.inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.