Терроризмді насихаттады деген күдікпен Абай облысының тұрғыны ұсталды
28 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен ішкі істер органдарының көмегімен Абай облысының тұрғынын ұстаған.
Ол терроризмді әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікке ілінді.
«Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдед.