Түрікменстан азаматшасына медициналық көмек көрсетілді

0 18

39 жастағы Түрікменстан азаматшасы Байзақ аудандық орталық ауруханасына жағдайы қиындаған соң жүгінген. Шұғыл қарап-тексеру нәтижесінде одан ентігу, тахикардия тағы да басқа бірқатар белгілер анықталған.

Дәрігерлер пациент жағдайының ауырлығына байланысты оны бірден қарқынды емдеу бөлімшесіне жатқызып, оған тиісті емдік-медициналық нұсқама бойынша көмек көрсетеді.
Оған гемотрансфузия жүргізіледі. Бұл дегеніміз — пациенттің қан айналым жүйесіне донорлық қан немесе оның компоненттерін (плазма, эритроциттер, тромбоциттер) енгізу процедурасы.

Шұғыл медициналық көмек көрсетіп, пациентке жеңілдік пен денсаулық сыйлаған дәрігерлер – реанимация бөлімінің меңгерушісі Әсет Қуатовқа, реаниматолог Бекжан Рысқұловқа, қабылдау бөлімінің дәрігері Руслан Советке және терапия бөлімінің меңгерушісі Ғалия Есееваға алғысын айтқан шетел азаматшасы ақжарма тілегін білдіріп, ағынан жарылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.