«Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік»
Меркі ауданында «Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» тақырыбында жастар арасында семинар өткізілді.
Кездесуге аудан прокуратурасының аға прокуроры Хиса Ажимбеков , Меркі АПБ ЖПКБ ЮГТ полиция майоры Е.Тупеков, «Жауғаш батыр Қырбасұлы» қоғамдық қорының төрағасы Өсімжан Омаров, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспектор-заңгері Б.Сүйімбай қатысып, сөз сөйледі.
Шара барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған жастарға қатысты ішкі істер қызметкерлерінің қолданатын шаралары, сондай-ақ жауапкершілікке тарту құқықтық мәдениетін бағалау және заңдылықты сақтау, құзыреттілік, іскерлік, басқара білу, еліміздің азаматтарының заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етуге кепілдік беру мен құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған жастарға қатысты ішкі істер қызметкерлерінің қолданатын шаралары, сондай-ақ жауапкершілікке тарту тәртібі туралы толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.