Әлем елдеріндегі газ бағасы

0 7

Ақпаннан бастап сұйық отынның бағасы шамамен 20 теңгеге қымбаттады. Бірақ соның өзінде Қазақстан газ бағасы бойынша әлемдегі ең арзан 3 елдің қатарына кірген. GlobalPetrol Prices жүргізген зерттеу нәтижесі осындай. Тіпті Еуропа елдері арасында бірінші орында тұрмыз. Мысалы, Ресейде 132 тенге, Қырғызстанда 163 теңге, Әзербайжанда 171 теңге, Тәжікстанда 273 теңге. Ал Қазақстанда орташа баға 94 теңге.

 

Сарапшылар бағаның өсуіне тұтыну көлемі әсер етуі мүмкін деп болжайды. Өйткені, өндіріс қажеттілікті қамтамасыз ете алмай отыр. Мысалы, қазір елдегі сұйық отынды тұтыну деңгейі 2 млн 400 мың, ал өндіріс көлемі 1 млн 800 текшеметр. Өткен жылғы жетіспеушілік 20 пайызды құраған. Дегенмен жауаптылар биылдыққа бағаны көтеру мәселесін қарастырмайтындарын айтады.

 

Серік Жұмабекhttp://Qazaqstan.tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.