Теміржол қызметінің сапасы жақсара түседі

0 14

Теміржол – ел экономикасының және байланыс саласының негізгі күретамыры. Бұл ретте, 100 жылдық тарихы бар «Жамбыл Рем Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жамбыл вагон жөндеу депосымен бірлесіп ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

Өткен жылы депо жоспарлы жөндеу түрлерімен 3 526 вагонды қамтып, негізгі теміржол желісіне шығарды. Ал серіктестіктің жөндеу шеберханаларында 2024 жылдың 12 айында 231 вагон ағымдық ажырату жөндеуінен өткен.
«Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалдары – Тараз және Шу локомотив жөндеу деполары аймақта теміржол тарту подвижной құрамын жөндеу бойынша қызметтер ұсынатын ірі кәсіпорындар болып саналады.
Былтыр кәсіпорында ТО-8 циклінің техникалық қызмет көрсету бойынша 59 ВЛ80С/Т сериялы электровозы және 4 ТЭМ-2, ТЭМ-18 сериялы жылжымалы құрамы жөндеуден өтті. Сол секілді ТО-6 циклінің техникалық қызмет көрсетуі бойынша 378 ВЛ80С/Т сериялы электровозы және 7 тепловоз қалыпқа келтіріліп, ТО-3 және ТО-7 жоспарлы техникалық қызмет көрсету түрлері бойынша 100 дизельді тепловоз жаңартылды. Қазіргі уақытта жөндеуден өткен теміржол көліктері Қазақстанның барлық аумағында жүк тасымалдаумен айналысуда.
Сонымен қатар биыл облыс бойынша Тараз және Шу локомотив жөндеу кәсіпорнында 500-ден астам ТО-6 локомотив жөндеуден өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ 60 ТО-8 локомотив жаңартылады. Мұмымен бірге ТО-3, ТО-6 және ТО-7 техникалық қызмет көрсету циклдері бойынша 100-ден астам дизельді тепловоз жөндеуден өтеді.
Айта кетерлігі, Шу станциясында француздық «ALSTOM» компаниясымен электровоздарды жөндеу бойынша Сервис Орталығы құрылып жатыр. Оның жобалық қуаты жылына 200 локомотивке дейін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Өткен жылдың соңында Тараз локомотив депосына Қазақстанда шығарылған 5 жаңа «ТЭ33Ас Evolution» сериялы дизельді локомотиві қабылданды. Олар ескі, өзінің қызмет мерзімін өтеген локомотивтерді алмастырды және «Қазфосфат» ЖШС, «Еврохим» ЖШС және басқа да жүк жөнелтушілерінің жүк тасымалдарын қамтамасыз етеді.
Биыл 52,7 шақырым магистральды жолды капитальды жөндеу, Шу станциясында 4 қосымша жолды салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 90-шы жылдары бұзылған «Берлік 2» станциясын қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Оны осы жылдың 4-тоқсанында тапсыратын боламыз.
Теміржол бөлімшесінің қысқаша сипаттамасына да тоқталып өтсек, «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің» теміржол жолдарының жалпы ұзындығы – 2162,3 шақырым. Оның ішінде магистральды жолдардың ұзындығы – 1236,3 шақырым. Тарқатып айтсақ, бір жолақты жолдар – 340,6, екі жолақты жолдар – 895,7 шақырымды құрайды. Бөлімше Мойынты – Қарағанды, Отар – Алматы, Түлкібас – Шымкент бөлімшесімен, Түрксіб (Луговая) – Қырғыз теміржолы станциялармен шектеседі.
Тасымалдау процесі тасымалдаулардың 93 пайызын құрайтын электровозды (Мойынты-Шу-Отар-Тараз-Түлкібас учаскелері), және қызметтің 7 пайызына тең тепловозды тарту (Тараз-Жаңатас учаскесі) бойынша жүзеге асырылады.
Бөлімшеге қарасты 60 бекет (раздельный пункт) бар. Атап айтсақ, Шуда бір сұрыптау станциясы, 6 жүк станциясы – Жаңатас, Қаратау, Аса, Шайқорық, Бурыл, Мыңарал, 5 учаскелік станция – Тараз, Сарышаған, Шығанақ, Түрксіб, Бірлік-1, 48 аралық станция қызмет етеді.
Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі бойынша пойыз қозғалысына Тараз-Түлкібас, Тараз-Шу, Шу-Шығанақ, Шу-Отар, Шығанақ-Мойынты, Тараз-Жаңатас басқару диспетчерлік учаскелер арқылы жүзеге асырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.