ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ОЙТАЛҚЫ» СПИКЕРЛЕР КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

0 2
  1. Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің басты кепілі. Бүгінде елімізде барлық этнос өкілдерінің қазақ тілін еркін меңгеруі үшін жан-жақты жағдай жасалып, оның қолданылу аясы кеңеюде. Мұны статистика да растайды: бүгінде Жамбыл облысында мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 94,7%-ды құрап отыр. Дегенмен, тіл саясатына қатысты түйткілді мәселелер қоғам назарынан тыс қалған емес.

Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы жанынан «Ойталқы» спикерлер клубы құрылды. Бұл бастама – тілдік келіспеушіліктердің алдын алу, оларды шиеленіске жеткізбей шешу және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қолға алынған. Клуб құрамына өңірдің белсенді жастары, тіл жанашырлары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енді.

«Ойталқы» спикерлер клубының алғашқы отырысы да өз деңгейінде өтті. Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Сара Мәдиева, облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Қуаныш Дәурембеков және клуб мүшелері қатысты. Кездесуде Сара Қабылбекқызы сөз алып, бастаманың маңыздылығына тоқталып, клуб жұмысына сәттілік тіледі.

Басқосу барысында клуб мүшелері өз ой-пікірлерін білдіріп, алдағы жұмыс жоспарын нақталады.

«Ойталқы» спикерлер клубының негізгі мақсаты:
Қоғамда тілдік белгісі бойынша кемсітушілікке жол бермеу және оның алдын алу шараларын жүзеге асыру;
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
Қазақ тілінің барлық салада дұрыс әрі кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету.

Яғни, клуб мүшелері жеке секторлар мен мемлекеттік емес ұйымдарға барып «Менімен қазақша сөйлес!» акциясын ұйымдастырады.

Тіл – елдің жаны. Олай болса, тілге деген құрмет – болашаққа деген қамқорлық!

Leave A Reply

Your email address will not be published.