МЕРЕЙЛІ 75 ЖАС

0 4

Театрдың белді актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің құрметті профессоры Сейілхан Асқарбек Ақылшаұлының 75 жасына орай, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Е.Жүнісбай, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Д.Бықыбаев арнайы келіп құттықтады.

Басқарма басшысы Е.Жүнісбай облыс әкімінің Алғыс хатын табыстап, мерейтойымен құттықтап және дәстүрге сай иығына шапан жауып, гүл шоқтарын табыстады.

Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Д.Бықыбаев мерейтой иесіне «Еңбек даңқы» төсбелгісі мен құттықтау тілегін білдіріп, шапан жапты.

Сондай-ақ, театр ұжымы мерейтой иесіне жүрекжарды құттықтауларын жеткізіп, гүл шоқтарын сыйлады, кәде-сыйларын табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.