Сирияда мина қойылған көлік жарылды

0 3

Сирияның Алеппо қаласында мина қойылған көлік жарылып, 20 адам қаза тапты. Бұл туралы «Рейтер» хабарлаған. Тағы 15 кісі жараланған. Олар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Лаңкестік әрекет Сирияның ұлттық әскерінің бақылауындағы Манбидж ауданында болған. Әзірге жарылысты ешбір топ мойнына алған жоқ. Сирия үкіметі тергеу жүргізіп жатыр.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/693178-siriyada-mina-ojyl-an-k-lik-zharyldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде 24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс

Leave A Reply

Your email address will not be published.