Алматыда Ләйля Ғалымжанованың «Четыре тетради» атты кітабының тұсаукесері өтті
Кітап Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, актриса, кинодраматург, отандық кино мен телевизияны ұйымдастырушы Ләйля Ғалиқызы Ғалымжанованың (1924-2017) балалық шақ пен жасөспірім кезі, жастық шағы туралы естеліктерді бейнелейді.
«Четыре тетради» 2024 жылы Л.Ғ. Ғалымжанованың 100 жылдық мерейтойына орай отбасы мүшелерімен дайындалып, басып шығарылған. Кітап оқырмандардың кең ауқымына арналған.
Кітапқа Қазақстан мен Совет Одағы кезіндегі қазақ халқының күрделі және кейде қайғылы тарихын, шығармашылық зиялы қауымның жарқын өкілдерінің тағдырын бейнелейтін Ләйля Ғалиқызының естеліктері мен сұхбаттары енген.
Тұсаукесерге Алматы қаласының шығармашылық және ғылыми зиялыларының өкілдері, Л. Ғ. Ғалымжанованың серіктестері мен әріптестері, отбасы мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
https://nege.kz/news/almatida-laylya-galimzhanovanin-chetire-tetradi-atti-ktabinin-tusaukeser-ott-8ddcee