Атырау облысында біздің дәуірге дейінгі алтын бұйымдар табылды
Атырауда «Сармат алтындары» көрмесі өтті. Онда 2023-2024 жылдары Қызылқоға ауданы Қарабау маңында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Қарабау-2 және Қарақұдық 1-2 қорғандарына жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу нәтижесі көрсетілді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қарабау-2 қорғаны Қарабау ауылынан солтүстікке қарай 10 км қашықтықта орналасқан, диаметрі – 70 м, биіктігі – 3 м. Өңірдегі «патша» қорғандарының бірі.
2023-2024 жылдар аралығындағы жүргізілген қазба жұмысы нәтижесінде 9 қабір зерттеліп, оның ішінде 7 қабірдің тоналмағандығы анықталды.