Астанада журналист Жігіткер Байтілесовтің кітабы таныстырылды

0 3

Журналист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Жігіткер Байтілесов туралы естелік кітаптың тұсаукесері өтті. Ол ұзақ уақыт Парламент Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметінде жұмыс істеген. Кітапта журналистпен қызметтес болған әріптестері, депутаттар, достары мен замандастарының естеліктері жазылған. Іс-шара барысында Жігіткер Байтілесовтың шығармашылығы мен өмір жолына қатысты естеліктер айтылды. Шараға журналистің балалары мен жақындары қатысты. Ирак Елекеев, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, журналист: — Анау 1983 жылы Жоғары Кеңестен бастап осында Парламентте 63-те зейнетке шыққан азамат. Біздің аппараттың жұмысын көп азаматтар білмейді. Бюджетті қабылдаған кезде халық білмеген, қалай талқыланады ол деп осы бюджет. Сол кезде осы Жігердің ұсынысы бойынша біз үш күн бойы бюджетті талқыладық. Соны көрсеттік. Осындай кішкентай бір өзгерістер жасадық өз қолымыздан. Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: — Жігіткер Тумырзаұлын мен жақсы білемін. 16 жыл бірге қызмет істедік. Өте адал. Өз ісіне берік, жаупкершілікпен қарайтын азамат болды. Және ең бастысы, халыққа, қоғамға жеткізетін ақпараты өте сапалы, сондай керемет әдіспен жеткізетін. Өте білімді, жалпы қоғамда қандай мәселелер болып жатыр, депуттаттар қандай жұмыс істеп жатыр осылардың бәрін үйлестіре алатын азамат болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.