Әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды

0 9

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды.Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік стипендияға 75 адам ие болды. Аида Балаева стипендия иегерлерін құттықтап, олардың қазақ мәдениетін дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті.
Министр шығармашылық зиялы қауым мәдени бірегейлікті сақтау, ел бірлігін нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау ісінде маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлттық руханият туралы үнемі айтып, оның елдік жолындағы орасан күші мен мол мүмкіндіктеріне қоғамның назарын аударып жүргені мәлім. Жылдағы халыққа арнаған Жолдаулары, Ұлттық Құрылтайдағы бастамалары, түрлі сұқбаттарының өзегінде – Тәуелсіздік пен Отаншылдық, Бірлік пен Ынтымақ, Әділдік пен Жауапкершілік, Заң мен Тәртіп, Жасампаздық пен Жаңашылдық сияқты бүгінгі Қазақстанға ауадай қажет құндылықтар жатыр! Халықты бірлікке шақыру, татулықты нығайту, жас ұрпаққа ізгі құндылықтарды сіңіру – міне, бұл сіз бен біздің, яғни, зиялы орта мен мемлекеттің ортақ мүддесі», – деді министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.