«ДӘУІР ДАРАБОЗЫ — 90» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

0 1

Оралда Қыдыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының ұйымдастыруымен Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдық меретойына және орталықтың 10 жылдығына арналған «ДӘУІР ДАРАБОЗЫ — 90» ЖОБАСЫ аясында «ҚАЗАНАТЫ ҚАЗАҚТЫҢ…» атты әдеби-сазды кеші өтті.

Шара алдымен ақын ескертішіне тағзым етіп, гүл шоғын қою рәсімімен басталды.

Қадыр Мырза Әлі – дауласуды артық етіп, таласуды талап етпейтін тарлан ақын. Қазақ деген халықтың бағына бітіп, Алаштың аймаңдайына айналған арлан ақын. Ол – сөз жоқ, дархан даланың ұлы перзенті.

Ақжайық деген атыраптың, Жымпиты деген топырақтың қасиетін бойға дарытып, көп адамның қолы жетпеген Алатаудың шыңын алақанымен ұстап, Алматының алақанында тербелген дәуірдің дарабозы. Дәл биыл ақынның туғанына — 90 жыл. Бұл — әдебиет тойы, қазақ өлеңінің айтулы мерекесі десек артық емес.

Кең көлемде аталып өткелі отырған мерекеге орай ақын шығармашылығын насихаттайтын Алматы қаласындағы «Qazaq Kitaby Baspasy»-да арнайы тапсырыспен дайындалған статуэтка қалың жұртшылыққа таныстырылды.

БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев құттықтау сөз сөйлеп, басталғалы отырған жобаға сәттілік тіледі. Кеште алғашқы статуэтканы Қадыр ағаның туған қарындасы Мырзалиева Күләш Ғинаятқызына табыстады.

«Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының төрағасы Донеділ Қажымов сөз алып, ыстық ықыласын жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш кеште Күләш Ғинаятқызына, ардагер-ұстаз Маржан Бектемісоваға, орталық басшысы Серік Әнуарұлына ақын атындағы төсбелгіні табыстады.

Ақынның 80 жылдығына орай ашылған Қадыр Мырза Әлі атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының да биыл мерейлі жылы. Біздің ұжымның — 10 жылдық тойы.

Қадыр ағамыздың тұнықтықтан жаралған поэзиясы, өлең-жырлары болашақ ұрпақтарымыз үшін жол көрсетер шырағданы, үлгі тұтар бойтұмары болары анық.

Өткен жемісті жылда атқарған іс-шараларды сараласақ, көптеген байқаулар жүзеге асты. Сол байқаулардың жеңімпаздары бүгінгі кеште әннен шашу шашып, ақынның өлеңдерін оқыды.

Ақын шығармашылығына құрмет — қашанда бірінші орында. Осы мақсатта құрылған «Кездер-ай» ансамблі де бүгінгі кеште өнер көрсетті.

Әдеби-сазды кеш орталықтың әнұранына айналған «ҚАДЫРСАРАЙ» әнімен қорытындыланды.

«ДӘУІР ДАРАБОЗЫ – 90» жобасы аясында жыл бойы ақын шығармашылығын насихаттайтын іс-шаралар жалғасын таба бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.