Қазақтың ұмытылып бара жатқан дәстүрлерінің бірі – «Көңіл шайы».
«Көңіл шай» — адам өмірінде қуанышты да, қайғылы да жайлар болады. Басына іс түскенде, тұрмыста кездесетін қиын жағдайда, ренішті, күйінішті кездерде адамдар бір-біріне көңіл білдіріп, қиыншылыққа ортақтасып, ақыл-кеңес береді. Ашулы сәтте басу айтады. Міне, осындай кездерде ауылы аралас ағайын-туыс көңіл білдіріп, дастарқан жайған. Аталған жағдайларда жайылған дастарқан «көңіл шай» беретін болған. Алайда, көңіл білдіру мен көңіл айтудың арасын ажырата білу керек.