«Көпшілікке түсінікті болу үшін…»
Үлкен-үлкен мәртебелі жиындарда, тойларда, тіпті, парламенттің өзінде біздің кейбір ағайын сөзін бір-екі ауыз казакша бастайды да кенет қақ суынан жерінген құландай оскырынып: «Енді көпшілікке түсінікті болу үшін орысша сөйлеуге рұқсат етіңіздер» деп шыға келеді.
Оу, орысшаң тасып бара жатса, «рұқсат» сұрамай-ак сілтей бер. Ал қазақша бастап алып, кенет нілдей бұзылып «көшпілікке түсінікті болу үшін» деп баска тілге аунап түсу арқылы сол шешен қазақ тілін көпе-көрінеу қорлап тұрғанын сезе ме екен? Қазакша бастадың ба қазақша аяқта. Орысшаға тәржімалап тұрған ілеспе аудармашы бар (парламентте).
Сонда орысшасы жетісіп тұрса екен-ау: «Я не буду базражат» деп есіл орыс тілінің омыртқасын опырып, қабырғасын күйретіп, белден басып жүре береді. Онысы үшін кінәлауға да болмас. Онда өтпес пышықпен қой бауыздағандай қылдмай-ақ, өз жаныңды да қинамай-ақ, ана тіліңде сөйлей берсең, бәйгеден құр қаласың ба?!
Қалай деген де, «көпшілікке түсінікті болу үшін» деп орысшаға жалт беріп, «көпшілікке түсініксіз» қазақ тілін қорлама!
«Егеменді Қазақстан», 14 қаңтар, 1992 жыл