ЖМБМК: 1,5 жылда 100 миллион өтінім

0 25

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» ақпараттық жүйесі іске қосылғаннан бері ақпарат алу үшін 100 миллионға жуық сұраныс өңделді. Платформа күннен-күнге қазақстандықтар үшін қолайлы әрі танымал болып келеді.

Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүліктің болмауы туралы анықтама сұраныс мөлшері бойынша көш басында – одан 44 миллион берілді.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген ЖМБМК жүйесі жер және құқықтық кадастрлық деректерді біріктіру арқылы жылжымайтын мүлік және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу процесін қарапайым әрі ыңғайлы етті. Бүгінгі таңда жүйе жылжымайтын мүлік бойынша 8 және жер кадастры бойынша 4 қызмет көрсетеді. Оның ішінде – құқық белгілейтін құжаттардың, техникалық төлқұжаттың, жер учаскесінің кадастрлық паспортының телнұсқаларын алу, сондай-ақ мемлекеттік кадастрлық картаға цифрлық ипотеканы тіркеу.

Жылжымайтын мүлікке техникалық құжат пен жер учаскесі актісін бір құжатқа, яғни кадастрлық төлқұжатқа біріктіру – негізгі өзгерістің біріне айналды. Жүйе іске қосылғаннан бері мұндай 813 716 төлқұжат берілді.

ЖМБМК заманауи цифрлық экожүйесі екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және платформалармен интеграциялану арқылы қолжетімділікті қамтамасыз етті. Айта кету керек, ЖМБМК еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болып саналып, азаматтарға жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.