Аса маңызды істер тергеушісі: Бізге де пара ұсынатындар бар

0 458

Аудандық мәдениет сарайының директоры мен есепшісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне пара бермек болған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, жемқорлықпен күрес сапындағы мамандарға пара ұсынған мәдениет сарайының басшысы 4,5 млн теңге айыппұл арқалаған.

«Лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне өздерінің жеке мәселелерін шешу үшін пара беруге тырысатын жағдайлар да бар. 4 наурызда Қазығұрт аудандық мәдениет сарайының директоры Қазығұрт аудандық сотының үкімімен 4,5 млн теңге айыппұл арқалады. Пара ұсынғандардың тағы біреуі — сол ұйымның бас есепшісі. Оған 1,5 млн теңге айыппұл тағайындалды» — деді Данияр Бегайдаров.

Оның сөзіне қарағанда, Түркістан облысының Сарыағаш аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық басқармасының қызметкері 2018-2020 жылдарға арналған бюджет қаражатының игерілуін, оның ішінде «Еңбек» аясында бөлінген қаражаттың игерілуін тексерген.

Осы істе құзырлы орган өкілдерінің қамқорлығына ие болу үшін директор мен бас есепші 300 мың теңге көлемінде пара беруге әрекеттенді деген күдікке ілінген.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.