Хасен Қожа-Ахмет Желтоқсан оқиғасын кімдер ұйымдастырғанын атап айтты

0 172

Саяси белсенді, композитор Хасен Қожа-Ахмет осыдан екі жыл бұрын Ulysmedia.kz порталына сұхбат берген еді.

«БҰЛ – БИЛІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ»

Оның айтуынша, 1986 жылғы оқиғаны Михаил Горбачев, Нұрсұлтан Назарбаевтар ұйымдастырған.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі туралы айтылмай кетті. Азайып барады.Әсіресе, 1991 жылдан кейін, әсіресе, сотталып келген азаматтарды мектептер, жоғарғы оқу орындары шақыра бастады. Қазір шақырмай кетті. Бұл – билікке байланысты. Егер билік қазір қазақтың ынта-жігері оянған кез, ұлттық санасы сергек, Тәуелсіз ел болуға мақсат қойды деп ойласа, оқу орындарына тапсырма беруі керек еді.
Сол кездегі Министрлер кабинетінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев еді. Желтоқсан оқиғасын ұйымдастырған солардың өздері.

1986 жылы 16 желтоқсан күні мен қызметке келе жатқанда алаңда тұрған 300 дей адамды көрдім. Ол кезде қазақ теледидарының музыкалық редакциясында жұмыс істейтінмін. Сөйтіп, жұмысқа келсем, бәрі терезеге қарап «Колбиннің келгеніне наразылық білдіріп жатыр екен» деп шуылдасып тұр екен. Содан мен қасыма екі жігіт ертіп алдым да алаңға бардым. Барсақ, мінбе бос тұр екен. Мінбеге шығып жұрттың көтеріп тұрған жазуларын оқыдық. Бәрі сол «Қазақ басшы керек», «Колбин, кет» деген сияқты жазулар екен. Содан жұмысқа қайтып келіп алаңға қайта шығуға жиналдық. Сөйтіп түскі асты сылтауратып, музыкалық редакцияның қызметкерлері түгел алаңға кеттік. Келсек, милиция қоршап тұр екен. Біз де бірден килігіп жүріп ішке ендік, – дейді ол.
БҰҒАН ДЕЙІН…

Ол не үшін Желтоқсан оқиғасына ең алдымен Горбачев пен Назарбаев кінәлі дейді? Не себепті сол оқиғаны зерттейтін жаңа комиссия құрылуы керек деп есептейді? Оның бүгінгі саяси оқиғаларға беретін бағасы қандай? Қазіргі оппозиция өкілдерін не үшін сынайды? Хасен Қожахмет Ulysmedia.kz алаңында осы және өзге де сұрақтарға жауап берді.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1986 жылғы шеру — халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсеткенін жазған еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.