Қазақстанда жаңа партия құрылады
Қазақстанда «Адал заман» атты жаңа партия құрылмақ.
Партияны заңгер, халықаралық полиграфологтар қауымдастығының мүшесі Ержан Наурызбай (фотода) басқарады, деп жазады Alash.kz.
Мақсаты – тиімді және әділ саяси-құқықтық жүйе мен халықтың жалпы әл-ауқатын қалыптастыру.
Әзірге партияның әділет министрлігінде тіркелмеген. Қаржыландыру жағы да қарастырылмаған. Тек идея мен белсенділер тобы бар, деп жазды stan.kz.