Назарбаев күтпеген жерден Путинмен кездесті
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АНЫҚ-ҚАНЫҚ
Бұл кездесу туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Владимир Путин Ново-Огарево қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті», — делінген хабарламада.
Кездесудің басқа мәліметтері хабарланған жоқ.
КЕРЕК ДЕРЕК
Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылға дейін мемлекетті ресми басқарған Қазақстанның бұрынғы президенті. 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін елде «елбасысыздандыру» деп аталатын науқан басталды. Елордаға бұрынғы атауы Астана қайта қайтарылды. Экс-мемлекет басшысы көпшілік алдына сирек шығатын болды, оның туыстары да бірнеше рет қылмыстық істерге тартылды.
ЕСКЕ САЛА КЕТСЕК…
Бұған дейін Назарбаевтың денсаулығы мен жеке өмірі жайлы деректер құпия мәліметтер қатарына енгізілетіні хабарланған. Сенат бірнеше заңнамалық актілерге, соның ішінде «мемлекеттік құпиялар туралы” заңға енгізілген өзгерістерді мақұлдады. Жобаға сәйкес, мемлекеттік құпияларға қазіргі президенттің, оның отбасының қауіпсіздігі, сондай-ақ оның денсаулығы мен жеке өмірі туралы мәліметтер ғана емес, сонымен қатар экс-президенттер мен олардың отбасылары туралы ұқсас ақпарат та енгізіледі. Заң жобасын депутаттар қолдады, енді ол президентке қол қоюға жіберіледі.
ДУБАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Азаттық жүргізген «Дубайдағы Қазақстан» зерттеуінің соңғы бөлімі жарияланған. Бұған дейін Араб Әмірліктерінен үй алған мұнай саласы топ-менеджерлері, полковниктер мен генералдар, министрлер мен әкімдер туралы айтылса, бұл жолы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің активтері көрсетілген.