Нұрсұлтан Тұрсынов чемпион болды

0 377

Қазақстандық балуан Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия іріктеу турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматыда өткен байрақты бәсекеде ол 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесті. Финалда оның қарсыласы қытайлық Фей Пен денсаулығына байланысты күресуден бас тартты.

Нәтижесінде, жеңіс автоматты түрде қазақстандық балуанға берілді.

Айта кетерлігі, Нұрсұлтан Тұрсынов финалға шығып, Қазақстан құрамасына Токио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алған болатын.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.