«Адам құқығы – ең қымбат қазына» тақырыбында құқық алаңы өтті
Жамбыл облыстық Ш. Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Адам құқығы – ең қымбат қазына» тақырыбында құқық алаңы ұйымдастырылды.Кездесуге Тараз қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Зайнутдинов Абдурахман Юлдашевич, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық университетінің Заң ғылымдарының магистрі, «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Әлия Мусаева, Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің бас маманы Айдана Бекберді және «Жамбыл облысы мамандандырылған күзет қызметі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты. Құқықтану сағатына арнайы келген қонақтарымыз Отанымыздың, ел аумағының бүтіндігін сақтауды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз ету туралы айтып өтті.