«Белінде үш жерде сынығы бар екен»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің қазасына байланысты тың деректі жария етті
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова тележурналист Дина Төлепбергенге сұхбат беріп, жан сырын ақтарды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сұхбатта өнер иесі марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовті есіне алды.
«Атын атап, түсін түстеп, өзін-өзі атты деген пунктті алып тастау керек. Сосын барып, ескерткіш немесе мұражай ашады ма, сол дұрыс болатын еді. Сол өзін-өзі атты деген нәрсе әлі тұр ғой. Соған қарамастан барып ескерткіш ашамыз дейді. Сондай тіріліп келеді ме ол кісі? Адамның артында сол қинап өлтірді, атып өлтірді, ұрып өлтірді деген нәрсе бар. Қатты ұрған дейді. Жуындырған адамдар айтты. Белінде үш жерде сынығы бар екен. Сонда кәдімгідей тепкен болып тұр ғой. Соның барлығы ашылмағанына жүрек ауырады», – деді Жүнісова.