«Өліміме Смайылов кінәлі»: Экс-судья президенттен көмек сұрады

0 115

Экс-судья Светлана Жолманова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. Жария болған видео үндеуде Жолманова Алматы сотының төрағасы Асқар Смайыловтың істеріне де назар аударуды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.

Экс-судья өзіне қол жұмсауға да дайын екенін айтып, өз өліміне Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Смайыловты кінәлайтынын айтты.

 

«Менің қамауда отырғаныма 2 ай болды. Ешкім менің хаттарыма назар аудармайды. Қаншама хат жаздым. Ерекше бақылауда отырмын. Хабарласуға мүмкіндік бермейді. Балаларыммен көрісе де алмаймын. Дүние-мүлкімді тартып алып жатыр», – дейді ол.

Ол өзі қамауда отырған кезде балалары мен анасының қиналып жатқанын, қарыздарын төлеу үшін жұмыс істеуі керек екенін, алайда қамауда отырғандықтан, жұмысқа шыға алмайтынын да айтқан.

«Қазір бәріне дайынмын. Өліп кетуге де дайынмын. Өлтіруге де дайынмын… Бәлкім Смайыловты өлім тоқтататын шығар. Мен өлімге дайынмын. Өз-өзіме қол жұмсауға дайынмын. Менің өліміме Смайылов кінәлі болады. Мен төзе алмаймын, көмектесіңіз. Бұл бассыздыққа, менің қайғыма, Смайыловтың маған істеген ісіне назар аударсаңыз. Мен сізден жалынып сұраймын, Қасым-Жомарт Кемелұлы, осы видеоға назар аударсаңыз », – деді экс-судья.

 

@azamat_tv_official

К нам, Правовому Телеканалу, обратились с просьбой опубликовать это обращение бывшего судьи Светланы Жолмановой к Презиленту РК К.Токаеву.#правосудие #azamattv @Aqorda 🇰🇿 @верховный суд рк @ТРК ПРЕЗИДЕНТА

♬ оригинальный звук — Azamat TV

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.