«Ақшаны жастарға беру керек»: Тойға қатысты жаңа ереже қабылданбақ

0 70

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтен той өткізудің ережелерін бекіту жайлы сұраған. Оның айтуынша, той мәдениетін қалыптастыру ұсынысы облыс ақсақалдарынан түскен. Бұл туралы Newsroom.kz тілшімі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап  хабарлайды. 

Жақында сараптама жүргіздік. Тараз бен аудан орталықтарын алып қарасақ, жұма, сенбі мен жексенбі күндері тойға 300-ге жуық адам келеді. Мұны той санына көбейтсек, демалыста әр күні тойға 20-25 мың адам қатысады. Сондықтан біз той жүргізушілері – асабаларды жинадық. Сосын олармен бірге арнайы ережелер, кодекс дайындадық. Әкімдік тарапынан, ішкі саясатқа жауапты менің орынбасарым бұл іспен айналысады», – деді Қарашөкеев.

Жамбыл облысының әкімі ата-аналар тойға жұмсалатын шығындарды жинап, жастарды қолдауға жұмсай алар еді дейді.

«Меніңше, ата-аналар бұл қаржыны жинап, жастарға көмектессе, жақсы болар еді. Мұнда шамадан тыс шығындалмау үшін белгілі стандарттар керек. Бұл мерекелік шараларды өткізу барысында тәртіп бұзушылыққа жол бермеу қажет. Бұл асабалармен бірге істелетін жұмыс», – деді облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.