«Қорлық», «Неліктен қыздар мұндай жағдайға жол береді?»: Қалыңдықтың сәлем салған видеосы қызу пікірталас тудырды

0 359

Қазнетте жас қыздың келін болып түскен үйіне кіріп, басын иіп, сәлем салған видеосы тарады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Кадрдан жаңа отбасына келген жас келіннің еденге дейін басын игенін көруге болады. Бұл ата-бабамыздың бұрыннан келе жатқан салты ғой дерсіз. Сорақы көрінгені — ер адамның отырған келіннің желкесінен ұстап, өзі иілдіргені. Желідегілер бұл жағдайдың «қорлық» екенін айтып, ашуға булықты.

Бұл жағдайдың нақты қай жерде, қай елде болғаны белгісіз. Бірақ желі қолданушылары Ақтау қаласы деген шешімге келген. Желідегілер осы оқиғаға байланысты түрлі пікір қалдырған.

«Қорлық», «Неліктен қыздар мұндай жағдайға жол береді?», «Дөрекі және ұсқынсыз, мен тіпті масқара деп айтар едім», «Қыздың ата-анасы қайда қарап отыр?!», «Неліктен оның мойнынан ұстау керек?!», «Қызды аяймын» деп жазды олар.

IMG_3774 (1)

https://web.telegram.org/k/#@arbatmediakz

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.