Асылып өлмек болған 14 жастағы қызды полицей құтқарып қалды
Абырой болғанда полиция қызметкері дер кезінде жетіп қыздың мойнынан арқанды шешіп үлгерді
Оқиға кеше Жақсы ауданында болды. Дәл сол күні Жақсы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Перекатное селосының 28 жастағы тұрғынынан телефон хабарламасы түсті. Әйел оның 32 жастағы әпкесі кәмелет жасына толмаған қызын аяусыз ұрып жатқанын хабарлаған.
«Куәгердің айтуынша, үйінде жанжал шығарған әйелқызының тамағынан қылқындырып, інісі мен сіңілісін балалар үйіне өткізетінін айтып қорқытыпты», − дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің шетекшісі Гүлнар Пинчук.
Жедел− тергеу тобын күтпестен учаскелік инспектор − Данияр Нұрғамиден дереу оқиға орнына аттанған. Мекенжайға барған кезде полиция капитаны үш баланың анасы ішімдікке салынып полицияның тізіміне алынған үй иесінің мас күйінде балаларын ұрып жатқанының үстінен түскен. Дәл осы тұста үйге жүгіріп кірген 11 жастағы қыз апкесінің қорада асылып қалғанын хабарлаған.
«Учаскелік полицей дереу сыртқа жүгіріп шығып, 114 жастағы қыздың қора шатырының арқалығына асылып тұрғанын көреді. Бірден іске кіріскен тәртіп сақшысы уақыт жоғалтпастан қызды жоғары көтеріп, мойнындағы ілмек арқанды шешіп алды», − дейді Гүлнәр Пинчук.
Абырой болғанда, жасөспірім қыз есінен танып қалса да, тірі қалды. Тәртіп сақшысы бірден жедел жәрдем бригадасын шақыртып, кезекші бөлімге боған жағдайды хабарлаған.