12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салынуы мүмкін

0 88

Динара Закиева ата аналарға 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға заңды түрде тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Orda.kz. 

Балалар омбудсмені Динара Закиева Ақмола облысындағы қайғылы жағдай туралы ойын айтты. Кеше, 1 желтоқсан күні Ақмола облысында өрттен екі бала қаза тапқан. Динара Закиеваның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бастап Қазақстанда 15 өрттен балалар қаза тапқан. Балалар омбудсмені көбіне балалар үйде жалғыз қалатынын айтты.

 

«Осы фактілерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу жөніндегі заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Әрине, қолдауға мұқтаж отбасылар мемлекет көздеген көмек бағдарламаларымен қамтамасыз етілуі қажет», – деп атап өтті Закиева.

Еске салайық, жыл басында Қарағанды облысында өрттен 4 бала ажал құшқан. Сәуір айында СҚО да және Атырауда 4 бала көз жұмды. Бұған дейін Астанада өрттен 4 бала қаза тапқанын хабарладық.

Өрт салдарынан қазан айында Қостанай облысында 5 бала мерт болды. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.