Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

0 440

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға хабарласқан әйел 2 жасар ұлы Арсен Киселевтің жұма күні күндіз әдеттегідей аулаға ойнауға шыққанын, бірақ кейін оны таппай қалғанын жеткізді.

Арсенийдің аға-әпкелерімен және көрші балалармен бірге ойнап жүргені анықталды. Алайда кейін араға уақыт салып, ол жоғалып кеткен.

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін Өскеменнен Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен кинологтар көмекке келді. Полиция қызметкерлері бала өзенге жақындап, суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам жасаған. Бұған су жағасындағы іздер дәлел болды. Біраз уақыттан соң баланың мәйіті ықтимал құлау орнынан 1 шақырым қашықтықтан табылды», деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

egemen.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.