Жамбылда «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы өтуде

0 60

Жамбыл облысында 2024 жылдың 15 тамызында «Қоғамдық эко-бақылау» республикалық акциясы бастау алды.
Аталған акцияға азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңестер, экологиялық ҮЕҰ, эко-волонтерлер кеңінен тартылды.
Республикалық акция шеңберіндегі «Стихиялық қоқыс орындарына эко-бақылау апталығы» аясында азаматтық қоғам өкілдері, қоғамдық кеңестер, экологиялық ҮЕҰ, эко-волонтерлерден құралған мобильдік топ облыстағы бірнеше стихиялық қоқыс орындарын аралап, қалдықтарды жинау, тасымалдау және орналастыру мәселелерінде тиісті бақылаудың болмауын, өңірге тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауытының қажеттігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.