Тиісті келісімшарттар жасалды

0 73

Жалпы, біздің елде жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп ұстау, сондай-ақ жол активтерінің басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау міндеті жүктелген мекеме «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы». Кәсіпорынның өңірлік филиалының жетекші сарапшысы Жұмахан Шәкірбаевтың айтуынша, жолшылар жыл басынан бері қыруар жұмыстар атқарғанын атап өтті.

— Өздеріңізге мәлім, кәсіпорын тарапынан көрсетілетін 3 түрлі қызметтің бірі — автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаларды ведомстволық сараптамадан өткізу. Жыл басынан бері келіп түскен 70 өтінішге құны 49 миллионды құрайтын 45 келісімшарт жасалды. Бүгінге дейін ведомстволық сараптама нәтижесінде 40 өтінімге оң қорытынды берілді, — деді Жұмахан Айтбайұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.