«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» квест ойыны өтті

0 125

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы ұйымдастыруымен балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» квест ойыны «Тау самалы» балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьінде жалғасын тапты.
Қазынаны іздеу арқылы жүзеге асатын бұл ойында қатысушылар пазл, сканворд, портреттік нұсқаулық, түрлі логикалық тапсырмаларды орындады. Ал, квест ойынын тамашалауға келген демалушы балалар ойынан тыс арқан тартысып, виктариналық сұрақтарға жауап беріп ойынды қызықтыра түсті.
Жалпы сайысқа түскен Айдаһар, Чемпион және Голливуд командалары өздерінің білімі, шапшаңдығы, тапқырлығы жағынан бір-бірінен қалыспады. Дегенмен ойынның шартына сәйкес ІІІ-ші орынды «Голливуд» командасы, ІІ-ші орынды «Чемпион», І-ші орынды «Айдаһар» командасы иеленді.
Ойын соңында жеңімпаз атанған командаларға кітапхана тарапынан әзірленген Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Ал, аталған лагерьінің директоры Сертекова Ғалия Сейтбекқызы квест турасында сөз алып, жылы лебізін білдірді.
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының директоры Алшинбаева Жанна Тұрарқызы өз біліктілігі мен алғырлығын танытқан балаларға, лагерь директоры, тәрбиешілеріне алғыс айтып, толағай табыс тіледі.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.