Мәдениет саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

0 63

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңестің күн тәртібінде партияның «Халықпен бірге» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасындағы «Мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету», мәдениет және өнер саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жас мамандарды қолдау мәселелері қаралды.

Шараға Жуалы ауданы әкімінің орынбасары Анар Ахметова мен ордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай «Зум» платформасы арқылы қатысып, күн тәртібіндегі тақырып бойынша баяндама жасады. Аудандарда мәдениет саласын дамыту аясында бірқатар жұмыстар атқарылып-жатыр. Дегенмен мәселелер де жоқ емес.

Атап айтқанда, кітапханалардағы кітап қорын ұлғайту. Мәселен, ағымдағы жылы Жуалы ауданының кітапханасына қажетті кітап алу үшін 3 млн теңге бөлінсе, ол ауданнан едәуір халқы көп Қордай ауданына 1,2 млн теңге ғана бөлінген. Тағы бір айта кетерлігі, осы Қордай ауданына 2022-2023 жылдары кітапханасын толықтыруға ешқандай қаржы қарастырылмаған.

Сондай-ақ, жиында тарихи орындарды қорғау мен оларды күтіп ұстау туралы да айтылды. Жуалы ауданындағы орта ғасырлық Бурнооктябрьск қалашығын судан қорғауға қаржы қарастырылуы тиіс. Сол секілді Қордай ауданындағы Георгиевск қалашығының аумағы жер телімдерінің берілуіне байланысты кішірейіп келеді.

Аталған мәселелер бойынша кеңес мүшелері ұсыныстарын жеткізіп, бақылауға алу қажеттігін баса айтты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.