Жол сапасы бақылауда
Осы жылдың ақпан айында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері 36 нысанға 54 инспекциялық тексеру жұмыстарын жүргізген. Есепті кезеңде жол-құрылыс материалдарының 67 данасынан үлгі алынып, оның 97-сі нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі белгілі болған. Жалпы, іссапарлар кезінде 33 ақау анылталған.
Бүгінгі таңда барлық анықталған кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарына бас-аяғы 11 хат жолданған. Жолшылар мұндағы негізгі мәселе асфальт-бетон жамылғысын нашар нығыздауына байланысты болып отырғанын жеткізді.
— Біздің қызметіміздің мақсаты — жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Егер бұрын аймақтық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрессе, қазір құрылған орталық барлық жалпыға ортақ жолдарды, соның ішінде жергілікті жолдарды тұтас қамтиды, — дейді инженер Тойшыбай Әлиахметов.