Таразда «Есірткісіз болашақ!» акциясы өтті

0 190

Ағымдағы жылдың 2 ақпаны мен 19 ақпаны аралығында Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Жамбыл облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе қала аумағында «Есірткісіз болашақ!» акциясы өткізілді.

Жамбыл облысы Полиция Департаменті кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері жастарға қылмыскерлерді ұстау кезінде қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы туралы және төрт аяқты тәртіп сақшыларының командаларды қалай орындайтынын, жасырын заттарды қалай іздейтінін көрсетті. Сонымен қатар жарылғыш заттарды, есірткі құралдарын іздеуге маманданған және полицейлерге қаскүнемдерді немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге көмектесетін қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы туралы айтылды.

Аталған акцияның басты мақсаты – нашақорлық және есірткі секілді ғасыр індеттері туралы толық мағлұмат беру, тыңдаушыларға адамзат ұрпағына төніп тұрған зиянды әдеттердің зардаптарын түсіндіру, олардан аулақ болуға шақыру, адамгершілік жөнінде және құқықтық тәрбие беру, салауатты өмір салтын насихаттау. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы нашақорлық, оның алдын алу және жастарды салауатты өмір салтына баулу, жастардың есірткімен байланысты жасалған қылмыстары мен заңды жауапкершілік, психобелсенді заттар мен олардың аналогтарын қолданудың салдары секілді мәселелер қозғалды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.