«Жастар арасындағы қылмыс» тақырыбында пробация есебінде тұрған жастармен кездесу өткізілді

0 203

Бүгін Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ және Тараз қалалық пробация қызметімен бірлесе орталықтың «Coworking» залында «Жастар арасындағы қылмыс» тақырыбында пробация есебінде тұрған жастарымен кездесу өткізілді.

Кездесуге Тараз қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры Аслан Рахымбайұлы, Тараз қаласы 3-ші пробациялық қызмет бөлімінің бастығы Алихан Хасенов және қалалық пробация бойынша Мансап орталығының қызметкері Мұрат Амреев қатысты.

Сонымен қатар кездесу барысында пробация қызметінде есепте тұрған жастарды қоғамға бейімдеу, оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік және құқықтық көмектер көрсету мен өзге де көмек түрлерін ұйымдастыру мәселелері қаралды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.