Teach for Qazaqstan:  Өз арманыңды жүзеге асыр – мұғалім бол!

0 166

Бүгін Altynsarin institute-ның 4 курс студенттері мен оқытушылары Teach for Qazaqstan өкілдерімен кездесті. Бұл Teach for All жаһандық білім беру желісінің ресми серіктесі, ол әлемнің 62 елінде сәтті жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның ерекшелігі – педагогикалық емес жоғары оқу орындарының түлектері және әртүрлі салаларда тәжірибесі бар мамандар мұғалім болуға үміткер бола алады. Олардың ішінде TFQ педагогикалық қайта даярлау үшін Бағдарламаға қатысушыларды іріктейді, әрі қарай оларды пән мұғалімдері ретінде аймаққа екі жылға жұмысқа орналастырады.

«Педагогикалық білімі бар адамдардан ғана емес, кәсіби мамандармен, бейінді емес ЖОО түлектерімен және педагогикалық емес салалардың тәжірибелі мамандарымен қарым-қатынас жасау оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді, оларға үлкен мүмкіндіктерді іске асыруға көмектеседі», – деді Teach for Qazaqstan директоры Гүлнара Салмен.

Жобаны ұйымдастырушылардың айтуынша, өңірлердің қашықтығы, мектептердің аздығы, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, инфрақұрылымның әлсіздігі және т.б. сияқты көптеген әлеуметтік-экономикалық факторлар үздіксіз білім беруді қамтамасыз ете алмауға, мұғалімдердің жетіспеушілігіне, балалардың әлеуетін ашуға әсер етеді.

Кездесу барысында институт ректоры Ержан Әмірбекұлы жобаға қатысушылар арасында Altynsarin institute-ның түлектері ең мықты, лайықты болатынына сенім білдірді. «Менің ойымша, бұл кездесу сіздердің өмірлеріңіздегі маңызды қадам. Мұндай мүмкіндіктер көп емес. Бұл жоба баршаңызға бірдей бастапқы позицияны нығайтуға мүмкіндік береді және осы бағдарламамен бірге 10 қадам алда боласыздар. Бағдарлама аяқталғаннан кейін 2 жылдан соң, елдің кез-келген мектебіне жұмысқа бара аласыздар. Екіншіден, өте жақсы мотивация – бұл қаржы жағы», – деп атап өтті ректор студенттерге арнаған сөзінде.

Болашақ мұғалімдер өз кезегінде осы бағдарламаға жоғары қызығушылық танытты. Олар талқылауға белсенді қатысып, спикерлерге сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Ең белсенділері қордан естелік сыйлықтар алды.

Айта кетейік, Teach for Qazaqstan жобаға жаңа қатысушыларды қабылдау туралы хабарлайды. Жобаның екінші ағынына өтініш беру басталды және ол 2024 жылдың 5 қаңтарына дейін жалғасады. Бағдарламаның финалистері Қордың серіктес мектебімен келісімшартқа отырады және екі жыл ішінде олар TFQ-ден онлайн және офлайн форматтарда әдістемелік және білім беру қолдауын алады. Қатысушыларға жалақыға қосымша 300 000 теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы түрінде материалдық қолдау көрсетілетін болады. Мұғалім болумен қатар, қатысушылар қоғамдық қызметпен айналысады, өңірде мәдени және білім беру жобаларын іске қосады. Сондай-ақ, бұндай белсенділікпен Teach for Qazaqstan кеңесші болады және серіктестер мен инвесторларды тартуға көмектеседі. Екі жылдық келісімшарт аяқталғаннан кейін түлектер автоматты түрде жаһандық білім беру желісінің мүшесі атанады.

Ескерту.

Teach for Qazaqstan бағдарламасының бірегейлігі мұғалімге үміткерлерге берілетін бірқатар артықшылықтарда:

  • Ресми жұмысқа орналасу, 2 жылдық келісімшарт мерзімі ішінде жалақы және ай сайынғы 300 мың теңге шәкіртақы.
  • Білім беру бағдарламасына терең үңілу шеңберінде жетекші білім беру сарапшыларының вебинарларынан өту.
  • Педагогикалық қайта даярлау аясында Suleyman Demirel University онлайн-платформасында оқыту.
  • Алматы қаласындағы Suleyman Demirel University базасында жазғы педагогикалық қайта даярлаудың тегін бағдарламасы бойынша тұру және тамақтану шығындарын өтеумен оқыту (офлайн форматта).
  • шарттың барлық мерзіміне – 2 жылға кураторлық, әдістемелік және коучингтік қолдау көрсету.
  • Серіктес мектептерге жұмысқа орналасуға көмек.
  • Білім беру бағдарламасы айына бір рет 2 жыл бойы офлайн форматта.
  • Көшу кезінде баспана табуға көмектесу.
  • Жобалық қолдау: Teach for Qazaqstan серіктестер мен инвесторларды тартуда, мұғалімдердің серіктес мектепке немесе білім беру ортасына қажетті жобаларды дайындауда консультациялық көмек көрсетеді.
  • Жеке бренд құруға көмектесу, жұмсақ дағдыларды жетілдіру, мансаптық өсу мен кәсіби дамуды қолдау.
  • Teach for Qazaqstan аясында білім беру қоғамдастығын қолдау.
  • Teach for All жаһандық білім беру қозғалысына әлемнің 60 еліндегі тәуелсіз серіктестермен мүшелікке өту.
  • Ең бастысы: Teach for Qazaqstan жобасына қатысушының өз оқушыларының әлеуетін ашуға көмегі.

Altynsarin institute Маркетинг және коммуникация бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.