Іскер де әділ басшы келсе – ел үшін құт

0 237

Адам баласының өмірлік ұстанымының бірі – еңбек етіп, тәтті жемісін тату.
Ал, сәт сайын жаңарып отырған бүгінгі қоғамда қызметтің сан түрі бар. Міне, солардың бірі – мемлекеттік қызмет. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі.
Өйткені, бұл қызмет қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Дархан Тобашұлын мен сонау Сарысу ауданында ауылдық округте әкім болған жылдардан бастап танимын. Өте байсалды, сабырлы азаматтың ілкімді істерге икемді екенін көпшілік біледі. Өйткені осы Қаратау қаласына қызметке келгелі бері де Дарханның қаладағы жас — кәрілерімен үнемі кездесіп, тыныс тіршілікті де тұрғындар пікірімен санаса отырып саралап, көп көкейіне ұялаған мәселелерді бірге шешетіні туралы талай естіп, куә болып жүрген едім.
Журналист болған соң тек бір ауданның ғана емес кейінгі жылдары барлық аудандардағы жаңалықтарға құлақ түріп, жылт еткен жаңалықтарды бөлісіп, жариялауды үрдіске айналдырғанымды көпшілік біледі.
Міне,осы тұрғыда қойнауы құтқа толлы Қаратаудың да тынысы көз алдымда өрбіп келеді десем артықтық етпес.
Осы екі жыл ішінде нендей жұмыстар атқарды, алда қандай жоспары бар деген сауалдарға жауап іздегенімде қаланың бүгінгі науқандар кезіндегі әлеуметтік, экономикалық жағдайына қанық болдым.
Тарихында талай әкім тізгіндеген 95 жылдық тарихы бар қасиетті қара шаңырақ Талас ауданы, ал аудан орталығы Қаратау қаласының — 60 жылдығы аталып өтті. Қала абаттандырылып, жаңа нысандар да бой көтеруде.
Дархан Тобашұлы әкім болған екі жыл уақыт ішінде ауқымды жұмыстар атқарылып, біршама өзгерістер орын алып жатқандығына барша Қаратау халқы куә.
Іскер де әділ басшы келсе – ел үшін құт. «Әкім халыққа жақын болса» дейді көбі. Дархан Баймбетовтың Қаратау қаласына әкім болғанына да 2 жыл болыпты. Осы 2 жыл ішінде біршама жұмыстар атқарылды.
Айта кетсек, қала ішіндегі тозығы жеткен барлығы 17,884 шақырымды құрайтын 12 көше және қалаға оңтүстік (4,1 км) және шығыс (6,14 км) кіреберіс жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 6 көше 2022 жылы, 7 көше 2023 жылы. Сондай-ақ, одан бөлек 2 көшеге (Шахтерский және Б.Момышұлы) қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қаратау қаласы ішіндегі бірқатар жолдардың тозығы жетіп қыстағы қарлардың еріген сулары мен көктемгі жаңбырдың әсерінен тұрғындардың жүріп тұруына қолайсыздық тудырмау мақсатында, келеңсіздіктерді қалыпқа келтіру үшін орташа жөндеуге енбеген көшелерге шағал төселіп, 17 көшеге жалпы ауданы 1 366 ш.м. қамтитын ойық жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілді.
28 494 тұрғыны бар Қаратау қаласында газ және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрап отыр. Ал ауыз сумен қамту көрсеткіші келесі жылы 100% жететін болады. Қаратау қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан «Флора» саяжайына ауыз су тарту мәселесі бойынша жобалық-сметалық құжатнамалары әзірленген. Аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тарапынан Жамбыл облыстық энергетика басқармасына бюджеттік өтінім берілген. Ауыз тарту жұмыстары 2024 жылға жоспарланған.
19 көпқабатты және 79 шағын қабатты тұрғын үйлердің аулаларына металл бағаналар орнатылып, диотты жарық шамдармен жарықтандырылды. Сондай-ақ, қала көшелерінің түнгі көше жарық шамдары түгелімен диодты жарық шамдарға ауыстырылды.
Қала тұрғындарының сұраныстары бойынша А.Шейн көшесі мен Б.Момышұлы көшелерінің аралығына, Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі мен 3 шағын ауданы №26 үй аралығындағы жаяу жүргіншілерге және Ә.Молдағұлова көшесі №53 үй мен № 41 үй аралығына жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жолы мен түнгі жарық шамдар орнатылды.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және жүріп тұруына қолайлы жағдай тудыру үшін С.Сейфуллин көшесі қиылысындағы Тамды өзенінде орналасқан жаяу жүргіншілерге арналған ескі көпір қайта жаңғыртылды.
Қоғамдық көліктерге арналған 22 аялдама қайта жаңғыртылудан өтті.
Жалпы Қаратау қаласы бойынша шағын футбол алаңшаларының 100 пайызы жаңартылды. Сонымен қатар, 8 шағын және көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына балалар ойын алаңшалары салынды.
Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында электр жүйесінде қоршаусыз тұрған 23 дана темір қалқанды трансформаторларды қоршау жұмыстары жүргізілді.
Қаратау қаласында қоғамдық тәртіпті, қылмыстық іс-әрекеттерді алдын алу және жол көлігі қозғалысын бақылау мақсатында 30 бейне бақылау қамераларын орнатылып іске қосылды.
Ағымдағы жылы Қаратау қаласында жоспарға сай «Орталық саябақ» ішіндегі гүлзарлар мен жасыл желектерді күтіп ұстау үшін Тамды өзенінен арнайы құрылғылар орнату арқылы түгелімен суландыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, ескі әжетхана орны тегістеліп, қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында жақын маңнан жаңадан қоғамдық әжетхана соғылды. «Орталық саябақ» ішіндегі «Кеншілер» монументі саябақ алды, кіре беріс жеріне орналастырылып, жанына фонтан соғылды.
Сонымен қатар, А.Шейн көшесінің бойында орналасқан «Жастар» саябағын қайта жаңарту және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аталған саябақта балалар ойын алаңшасы, «Street workout» алаңы, «Қаратау» жазуы бар декор қабырғасы, қоқыс жәшігі бар орындықтар, көше шамдары, 15 627,20 ш.м. жерді құрайтын көгал егу, сондай-ақ, көгалдарды суландыру құрылғылары орнатылды. Балалар ойын алаңшасы ағымдағы жылдың 1 маусым «Балаларды қорғау» күніне орай ашылып, ел игілігіне берілді.
«Асарлатып үй салу» жобасы аясында Қаратау қаласы аумағында 2022 жылы 3 үйдің құрылыс жұмыстарын жүргізіп, тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың шаңырағында қоныс тойы тойланса, игі істің ізін жалғап ағымдағы жылы тағы да тұрмыстық жағдайы төмен көпбалалы 3 отбасыға көмек көрсету шаралары қолға алынды.
Қазіргі таңда Б.Қарашаұлы №84, Байзатова №20, Рысбек батыр бұрылыс №3 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталып, үй егесіне табысталды. Сонымен қатар, Б.Момышұлы көшесі №12 көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жабу туралы тұрғындарының сұранысы бойынша демеушілер тарта отырып, «Talas Investment Compаny» ЖШС демеушілігімен аталған тұрғын үйдің шатыры 2022 жылы жабылды.
Қала әкімінің қала тұрғындарымен кері байланыс орнатуы бойынша жыл басынан 9 кездесу өткізілген. Кездесуде қала тұрғындары тарапынан көтерілген өзекті мәселелердің бірі жол, жарық және көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, ойын алаңшаларын орнату мәселелері.
Олардың орындалуы бойынша қала тұрғындары тарапынан «Талас Тынысы» газетіне және әлеуметтік желілерге жазған жылы лебіздері мен алғыс пікірлері де көптеп кездеседі.
Одан бөлек, қала әкімі мұқтаж жандарға көмек қол ұшын соза отырып, А.Ақшораев көшесі №1 үй №63 пәтер тұрғыны және А.Шейн көшесі №6 үй №1 пәтер тұрғынының өтініштері бойынша арбада отқан мүгедек балаларының үйге еркін кіріп шығуына қолайлы жағдай жасау мақсатында подъездке пандустын орнатылуына, сондай-ақ, жағдайы төмен отбасы тұратын Б.Қарашаұлы №87 тұрғын үйіне газ кіргізілуіне ықпал жасады.
«Флора» саяжайындағы дамба нығайту жұмыстары жүргізіліп, 4 га жердегі бұзылған және жарамсыз болып танылған үйлер мен қоражайлардың орындары және күл-қоқыстан тазаланды. Осы жұмыстың нәтижесінде Флора саяжайындағы тегістелген жер телімдері бағбандық және саяжай бағытында пайдалануға берілуде.
Ағымдағы жылы 5 жылыжай жұмыс жасап, өнімдерін Қаратау, Жаңатас қалаларының тұрғындарына ұсынуда. 2026 жылға дейін тегістелген жер теліміне 21 жылыжай салу жоспарлануда.
Қаратау қаласында барлығы 44 қоқыс алаңы бар. Оның ішінде 33 алаңша жаңартылса, Бүгінге 11 алаңша жаңартуды қажет етеді. ЖСҚ дайын.
Қаратау қаласына тиесілі қаланың солтүстік батыс бөлігінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған аумағы 10 гектарды құрайтын полигон аумағына қазу және тазалау жұмыстары жүргізіліп, тазалықты қамтамасыз ету мақсатында айналасы қоршалды. Бүгінгі таңда, заңды тұлғаға 5 жылға сенімгерлік басқаруға берілді.
Қаратау қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Геолог көшесі және 3 мөлтек ауданы №5 үй, №103 үй тұрғындары мен қала әкімінің кездесу кезінде көтерілген мәселелердің бірі көше бойындағы қараусыз қалған жерлерді және №5 үй мен №103 үй ортасында орналасқан ескі балабақша орнына жиналған қатты қоқыс қалдықтарынан тазарту болатын.
Аталған өзекті мәселе шешімін тауып, стихиялық қоқыс үйінділерінің, қираған иесіз ғимараттардың қоқысын арнайы орынға шығару жұмыстары жүргізіліп, орындары тегістелді. Сонымен қатар, бұзылып кеткен Т.Рысқұлов көшесі №5 және №7 көпқабатты тұрғын үйлердің қиранды қалдықтарын балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орны тегістеліп, арнайы орынға шығарылды.
Осы орайда алдағы 2024 жылға жоспарланған жұмыстарға қысқаша тоқталып кетсек:

— А.С.Пушкин мектебіне барар жолын орташа жөндеу
— Ә.Молдағұлова көшесі №41 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберіс (подъезд) жолы мен квартал ішілік жолын орташа жөндеу
— И.Панфилов және А.Ақшораев көшелеріндегі шағын қабатты тұрғын үйлердің арасындағы жолдарды орташа жөндеу
— 5 мөлтек ауданы №58 үйдің кіреберіс (подъезд) жолы мен квартал ішілік жолын орташа жөндеу
— Д.Нұрпейісова көшесінің бойынан демалыс аллеясын салу.
— А.Ақшораев №1 және А.Ақшораев №1 а көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына балалар ойын алаңшасын салу.
— 3 мөлтек ауданы №75 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын салу.
— Жолға арналған жасанды бұдырлар мен жол белгілерін орнату.
— Амангелді Иманов көшесінің бойына балалар ойын алаңшасы мен спорт алаңшасын орнату.
— Б.Момышұлы №9 көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы балалар ойын алаңшасына жасанды резеңке төсеу.
— Теміржол вокзалындағы жер асты өтпеліне мүгедек жандарға арналған пандус орнату.
— П.Качесов, Желтоқсан, Амангелді Иманов көшелерінің бойына тротуар орнату.
— Ә.Момбеков, Фабричный, Қ.Назарбекұлы көшелеріне түнгі көше жарықтарын жүргізу.
— А.Сухамбаев, Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, К.Әзірбаев көшелеріне түнгі көше жарықтарын жүргізу.
Міне, осындай алда ауқымды жоспарлары бар Қаратау халқының алдағы болашағы жарқын болары анық. Қазақта «әкім бол, халқыңа жақын бол» деген сөз бекерге айтылмаған. Ақ жағалылар ішінде қара халықпен жұмыс істейтіндер – әкімдер. Әсіресе, аудан,қала басшылары, ауылдық округтің әкімдері тікелей халықпен жұмыс жасайды. Олардың мұң-мұқтажын біліп, жоқ-жітігін түгендеп отыратындар да солар болуы тиіс. Бүгінгі заманда ел басқару оңай емес, көптің көңілінен шығу қиын.
Десек те, бүгінгі таңда тынымсыз еңбек өз жемісін бере бастады. Қаратау халқының әлеуметтік- экономикалық ахуалы едәуір жақсарды. Қала көріктеніп, көшелер ажарлана түсті. Қаланың қордаланған проблемаларын шешуге, оның баянды болашағын жасауға нақты жоспарлар жасалды.
Мақсат айқын, жоспарлар тыңғылықты. Сол жоспарлардың жүйелі түрде жүзеге асуын тілеп, Дархан Тобашұлына қала әкімінің қызметіндегі екі жыл құтты, елге деген қызметі абыройлы да, жемісті болсын. Ел халықтың ақ батасын алып, өсіп өне берсін,-деген тілегімді білдіргім келеді.

 

Дариха Үмбетиярова, журналист

Leave A Reply

Your email address will not be published.