Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына әдістемелік көмек көрсетілді
Партияның ірге тасы, басты күші – ол бастауыш партия ұйымдары екені белгілі. Осы орайда, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы аудандардағы бастауыш партия ұйымдары төрағаларымен семинар-кеңес өткізуді қолға алды.
Осындай алғашқы шара Байзақ ауданында өтті. Семинар-кеңеске партия облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов қатысып, партияның алға қойып отырған міндеттерінің бірі — бастауыш партия ұйымдарындағы жұмыс тиімділігін арттыру екендігін жеткізді. Сондай-ақ, партия облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхаммед Жұмабек ұйым төрағаларына партия жобаларының маңызы мен іс-қағаздар жүргізу тәртібін түсіндірді.
Сонымен қатар облыстық филиалдың бөлім меңгерушілері өз салалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ұйым жұмысы тиімділігін арттыру аясындағы әдістемелік көмек көрсетті. Орайы келгенде бастауыш партия ұйым төрағалары бөлім меңгерушілеріне сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Жалпы, партиямыздың алға қойып отырған міндеттерінің бірі -бастауыш партия ұйымдарындағы жұмыс тиімділігін арттыру екендігі белгілі. Бүгінгі күні өңірде аумақтық 10 филиалға қарасты 53 мың партия мүшесін біріктіретін 266 бастауыш партия ұйымдары қызмет етіп келеді. Олардың да төрағаларымен алдағы күндері дәл осындай семинар-кеңестер ұйымдастыратын боламыз.