Судағы қауіпсіздік — басты назарда

0 165

Таразда шомылу маусымына орай халық арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері тұрғындарға шомылу кезіндегі сақтық шараларын ескертті.

«Талас» өзенінің жағалауларын аралап, тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері бойынша үгіт насихат жұмыстары жүргізілді. Көпшілікке арнайы жадынама парақтары таратылып, шомылуға рұқсат етілген нысандар туралы ақпарат берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.