Аудан жастары арасында зияткерлік ойын өтті

0 151
Ауданымыздың жастары өздерінің ауқымды жұмыстарымен, қарқынды қимылдарымен аймақтың өсіп — өркендеуіне, гүлденуіне үлес қосып келеді.
Олар әрқашанда спортта да, мәдениет пен білім сайыстарында да өздерінің қарым-қабілеттерін танытып, біліктіліктерін көрсетіп жүр.
Бүгін аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Сарысу ауданының 95 жылдық мерейтойы аясында аудан жастары арасында аудан тарихын кеңінен насихаттауға бағытталған және жастар арасында өзара пікір алмасып, әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға мақсатында «QFZ Intellekt» атты интеллектуалды – зияткерлік ойыны өтті.
Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов қатысып, сөз сөйледі. Сайысқа қатысушыларға сәттілік, керемет ойын, жақсы көңіл – күй мен қуаныш тіледі.
Интеллектуалды ойынға түрлі сала мамандарынан жасақталған 5 команда қатысты.
Командалар тартысты әрі қызықты ойында аудан тарихына және зияткерлік қабілетті дамытуға арналған сұрақтар мен тапсырмаларды орындады.
Тартысты өткен сайыста І орынды жас кәсіпкерлерден құралған «Позитив» командасы, ІІ орынды бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығының «Олимпиада» командасы, жүлделі ІІІ орынды аудандық полция бөлімінің жас қызметкерлерінен жасақталған «Тұмар» командасы иеленді.
Сонымен қатар, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» номинациясымен Ж. Қалмен, «Үздік ойыншы» номинациясымен Н. Қонысбаев, «Ең алғыр жас» номинациясымен Е. Асылбек және «Позитивті жас» номинациясы бойынша Р. Әшімова марапатталды.
Сайыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған дипломдармен, сыйлықтарды аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Нұрғалиұлы және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлнұр Алтынбекова табыс етті.
Leave A Reply

Your email address will not be published.