Елімнің жүрегі — Астана

0 180
Жаңатас қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 6 шілде — Астана күні мерекесіне орай «Елімнің жүрегі — Астана» атты сурет салу байқауы өтті.
Байқау барысында балалар болашақ туралы ойларын, түсініктерін, елордамыз — Астана қаласына деген сүйіспеншіліктерін сурет салу арқылы жеткізді.
Шара барысында кітапхананың кішкентай оқырмандары өлеңдер оқып, мың бұрала би биледі.
Аудандық кітапхананың директоры Айтбала Жолмаханова барша жиналған қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, байқауға белсене қатысқан жас оқырмандарды марапаттады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.