Полиция қызметкерлері марапатталды

0 164
Аудан әкімі С.Мамытовтың қатысуымен аудандық полиция бөлімінде жиын өтіп, біршама ортақ мәселелер талқыланды.
−Елордамызда ішкі істер органдарының қызметкерлерінің қатысуымен өткен алқалы жиында Мемлекет басшысы Сіздерге үлкен сенім артып, бірқатар міндеттер жүктеді. Еліміздің қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығын, азаматтардың еркіндігі мен конституциялық құқықтарын қорғауда, қылмыстың жолын кесуде Сіздердің еңбек ерен. Халқымыздың амандығын сақтау мен Отанымыздың өркендеуіне қосып жатқан үлестеріңіз аз емес, еңбектеріңіз әрқашан жемісті де, табысты болсын!,− деген аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы полиция бөліміне 30 жыл толуына орай, адал еңбегі үшін арнайы төсбелгі мен жоғарылаған шендерін тапсырды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.