«Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады»

0 187

Жан сарайы бай, сыртқы тұлғасына ішкі мәдениеті де сай, тіпті, ерекше жарасып тұратын ер мінезді, барынша кішіпейіл, өзін қадір тұтып,сыйлайтын замандастың бірі — Асхат Аманқұлұлы Алметовты көргенімде қазақтың «Елдің атын ерттеп мінген» деген даналық сөзі ойыма жиі оралады.

Бұл сөздің сайып келгенде, ел үшін жаралған деген мағынаны білдірері анық.

Асхат – жақсы ортада тәрбиеленген, ата-ананың ұлағатты тәрбиесін алған, соның бәрін өзіне өмірлік етіп келе жатқан салмақты да сабырлы ойдың иесі атанып жүрген зиялы қауымның өкілі.
Өзі де сондай ортадан шыққан, өнегелі тәрбие көрген азаматтың бірі де, бірегейі.

Асекеңнің зайыбын көрген ел инабатты, кішіпейіл әрі ішкі рухани жан-дүниесі бай, көркіне ақылы сай нәзік жан деседі.
Жұртына деген ілтипаты өте жоғары. Ол да жоғары бiлiмдi ұстаз. Бiр-бiрiне жарасқан жұптың ұл-қыздары бар, көп балалы өнегелі отбасы.

Өнегелі отбасы, іскер басшы, жақсы азамат Асхат Аманқұлұлы Сарысу өңірінде басшылық жасап келе жатқан үш жылдан астам уақытта ауданда тек жақсы жағымен танылуда.

Бүгінде өмірде, яғни, адамдар арасынан пейіл мен ықыластың тарылып бара жатқандығын байқау мен пайымдау еш қиын емес жайға айналып отырғандығы өкінішті-ақ.

Асхаттың ұстанымы олардан мүлдем бөлек. Өйткені, оның тұнық бастауы, су ішкен бұлағы мөп-мөлдір. Іштарлықтан, қулықтан ада. Халыққа адал қызмет етуді ғана біледі. Өйткені, текті азамат тегіне тартпай тұрмайды ғой!

Қазіргі таңда Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы болып қызмет атқаратын Асхатты ылғи жақсы қырынан көруге болады.

Қанға біткен қасиет қай кезде де өзінің дегдар қасиетін жоғалтпауға тырысады.

Басшылық жолындағы жетістіктерін ел біледі. Көріп те, біліп те, жазып та жүр.

Адамгершілік жолындағы қасиеттерін көп араласпай, алыстан сыйлассақта жақсы қасиеттерін жақыннан көргендей болдым.

Қазақта «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деген ұлағатты сөз бар.

Осы тәмсіл, осы қасиетті сөз Асхатқа тікелей арналып айтылғаны даусыз.

Қазақтың осындай атпал азаматтары лайым көбейе берсін, Асеке бүгінгі келіп жеткен туған күніңіз құтты, деніңіз сау, бақытты, жұмысыңыз сәтті, өміріңіз мәнді де сәнді бола берсін дегім келеді.

Дариха Үмбетиярова

Leave A Reply

Your email address will not be published.