Қытай елшісі бұрынғы кеңестік елдердің тәуелсіздігіне күмән келтірді

0 302

Қытайдың Франциядағы елшісі Лю Шэй бұрынғы кеңестік елдердің тәуелсіздігіне күмән келтірді. Бұл туралы ол француздық LCI телеарнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“КСРО ыдырағаннан кейін құрылған мемлекеттер жаһандық құқықта тиімді мәртебеге ие емес, өйткені олардың мәртебесін егеменді елдер ретінде нақтылайтын халықаралық келісім жоқ», — деді Қытайдың Франциядағы елшісі Лю Шэй.

Сондай-ақ, қытайлық дипломат Қырым түбегі «әу баста Ресейге тиесілі болған», бірақ Кеңес Одағы кезінде «Хрущев оны Украинаға берді» деп санайды.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Лю Шэйдің мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.