«Айсұлтанды стюардесса босанған: Белгілі журналист Назарбаевтың отбасы туралы шындықты айтты

0 1 055

Танымал журналист Гүлжан Ерғалиева Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың некесіз әйелдері мен балалары туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды nege kz. 

«Мен Назарбаевты жақтамаймын. Бірақ оның туысы болғаны үшін жауап беретін адамдарды жақтаймын. Кеше қазақ даласын билеп-төстеген басшының заңды мұрагерлері – қыздары, күйеу балалары, немерелері, інілері мен қарындастары ұлттық байлықты жаулап, заңды негізде байыды, қол сұғылмаушылық құқығына ие болып, «заңдағы ұрыларға» айналды. Бірақ Нұрсұлтанның басқа әйелдері мен балалары пайда болған соң олар заңнан тыс қалып, заңды отбасының бәсекелестеріне айналды. Олар өшпенділік пен бәсекелестіктің объектісі болып шықты», – дейді Гүлжан Ерғалиева.

Журналист сөзін Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Айсұлтан Назарбаевтан бастады. Оның нұсқасы бойынша, Айсұлтан Назарбаевты стюардесса босанған. Алайда кейін ол жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Содан кейін Назарбаев ұлын Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің қолына береді.

«Нұрсұлтан өзіне екі қыз туып берген басқа стюардессаға да үйленбеді. Олар да тығылып, өздерінің шын тегін жасыруға мәжбүр. Жалған өмірбаяны бар мұндай сорақы тағдыр оларға не үшін керек?» – деп жазады журналист.

Ерғалиева Назарбаевтың белгілі «әйелі» Әсел Құрманбаеваның шын мәнінде академик Есполовтың қызы еместігіне де назар аудартады.

«Белгілі бір академик Есполов – Әсел Құрманбаеваның әкесі емес. Ол ойдан құрастырылған «жалған әке». Академик Есполовтың өз отбасысы және төрт ұлы бар. Алайда олардың арасында Әсел есімді қызы жоқ. Мен Әселдің өмірге келу тарихын жақсы білемін, өйткені оған өзім қатысқанмын. Сонымен қатар оның шын ата-анасын да жақсы білемін. Бірақ бұл басқа әңгіме. Сұрақ басқада. Ол өте жас, жаны таза және сұлу Әселді Назарбаевтың шибөрілерінің иемденіп алғанынде… ал қарапайым отбасының оларға қарсы тұруға батылы жетпеді. Әсел анасы жағынан Құрманбаева, әкесі жағынан Исабаева. Ол елбасының тағы бір құрбанына айналды. Оған екі ұл туып беріп, мұрагерлік жоспардың жай ғана құралы болып шықты. Оның Назарбаевтың заңды отбасының арасында қандай өшпенділікке тап болғанын түсіну керек. Әсіресе, Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Әсел Құрманбаеваға бәсекелес ретінде қарады», — деп жазды Ерғалиева.

Әсел бұл отбасыдан алшақтап, балаларын халықтың қарғысынан қорғау үшін Назарбаевтан кеткісі де келген.

«Бірақ оған өз тағдыры мен кәмелетке толмаған балаларының тағдырын басқаруға кім рұқсат беріпті? Өйткені ол Назарбаевтың меншігі емес пе? Ол да біз секілді «тұтқындағы қазақ», бірақ жағдайы біздікінен 10 есе ауыр. Тіпті Назарбаевтан кеткісі келгені үшін Әселді жындыханаға жатқызып, балаларын тартып алды деген сыбыс бар. Айсұлтанның оқиғасы қайталанып жатқан жоқ па? Сондықтан, Әселдің ұлдарын қарғаудың керегі жоқ. Олардың тағдыры қазірдің өзінде қаралы» — деп есептейді журналист.

Leave A Reply

Your email address will not be published.